Ауа райы
Астана 3 °С
Алматы 8 °С
валюта бағамы
USD 447.60
EUR 489.41
RUB 5.71
CNY 63.05

Халықпен жиі кездесіп, түсінікті тілде сөйлесу керек – Әбілқайыр Сқақов

2020 жылдың 14 ақпан 2020 13:25

ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат – Халықпен жиі кездесіп, олармен түсінікті тілде сөйлесу керек. Бұл туралы Павлодар облысының әкімі Әбілқайыр Сқақов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Барлық әкімдер тұрғындарға атаулы әлеуметтік көмектің жаңа форматын егжей-тегжейлі түсіндіруі тиіс. Бұл, бірреттік науқан болмауы керек. Жергілікті газетте мақала жариялап, одан әрі ұмытылып кетеді. Адамдармен жиі кездесіп, олармен түсінікті тілде сөйлесу керек», - деді Павлодар облысының әкімі Әбілқайыр Сқақов халықпен есептік кездесуінде.

Өңір басшысының айтуынша, АӘК алушылардың өз балаларын тамақпен және жеке гигиена құралдарымен қамтуын, сондай-ақ оларды мектепке даяурлауға кететін шығындарды мемлекет өз мойнына алған. АӘК форматының өзгеруіне байланысты мемлекеттің тағы бір міндеті – азаматтардың тұрақты табыс көзінің пайда болуына жағдай жасау.

«Тұрғындарды еңбекпен қамту – жұмысымыздың тағы бір басымдығы. Біз шағын және орта бизнесті белсенді дамытуымыз қажет», - деді Ә.Сқақов.

Авторы Антон Гагарин


Басты сөздер: Павлодар облысы, Әкім, Аймақ,
Жоғары қарай