Ауа райы
Нұр-Сұлтан 5 °С
Алматы 14 °С
валюта бағамы
USD 379.36
EUR 424.47
RUB 5.88
CNY 54.95

Халықаралық түркі академиясы жаңа кітаптарды таныстырды

2019 жылдың 24 сәуір 2019 18:38 963

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Халықаралық Түркі Академиясы ІҮ Еуразиялық халықаралық кітап көрме-жәрмеңкесіне қатысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат академияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

«Биыл Түркі Академиясы Қазақстан Жазушылар одағымен бірігіп, аталған көрмеде манасшы Мергенбай Медеров жырлаған «Манас» эпосының, Шыңғыс Айтматовтың «Балалық шақ» шығармасының, сонымен қатар танымал қырғыз жазушысы, Қырғызстан президентінің кеңесшісі Сұлтан Раевтың  «Жанжаза» романы мен «Қазіргі қырғыз поэзиясы» секілді кітаптарды таныстырды» делінген хабарламада.

Іс-шараға жазушы, драматург, Қырғыз Республикасы Президентінің кеңесшісі Сұлтан Раев, Халықаралық Түркі Академиясының президенті Дархан Қыдырәлі, Қырғызстан Республикасының Қазақстан Республикасындағы  Төтенше және Өкілетті елшісі Жеенбек Құлыбаев, ҚР мемлекеттік сыйлығының лауреаты, Қазақстан Жазушылар Одағы басқармасының төрағасы, ақын  Ұлықбек Есдәулетов қатысты. Халықаралық Түркі академиясы Қырғызстанмен мәдени-рухани байланысты жүйелі түрде нығайтып келеді.  


null 

null 

Айта кетейік, Халықаралық Түркі Академиясы осы уақытқа дейін 140-қа жуық кітапты басып шығарған. Өткен жылы академияның ұйытқы болуымен 28 кітап жарық көрді.       



null

null  

 

 

 

Жоғары қарай