Ауа райы
Астана -4 °С
Алматы 7 °С
валюта бағамы
USD 389.98
EUR 434.01
RUB 6.10
CNY 55.04

Халықаралық олимпиада жеңімпаздарына ЖОО-ға түсу кезінде басымдық берілмек

2019 жылдың 10 қазан 2019 18:31

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Халықаралық олимпиада жеңімпаздарына жоғары оқу орындарына түсу үшін басым құқық берілуі керек. Бұл туралы ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Сенат қабырғасында «Педагог мәртбесі туралы» заң жобасын талқылау барысында депутат Сергей Ершов министрден «Алтын белгі» иелеріне жоғары оқу орнына түсу кезінде басымдық беру қажет пе?» деп сұраған еді.

«Біз мұның қажеті жоқ деп есептейміз. Қазір «Алтын белгі» саны тіпті геометриялық прогоресспен артып жатыр. Бүгінде «Алтын белгі» иелері бұрынғыдай белгілерін ҰБТ арқылы растамайды немесе кеңес заманындағыдай облыстық білім басқармасының комиссиясы тексермейді. Мектептің өзі бұл белгіні бере салады. Сондықтан бұл белгіні беру және қорытынды жұмыстарды тексеру құзіретін облыстық басқарма деңгейіне беруді ұсынамыз», - деді министр.

Дегенмен, ол халықаралық олимпиада жеңімпаздары үшін басым құқық беру мәселесін қайта көтеру қажет деп санайтынын айтты.

«Себебі қазіргі уақытта халықаралық олимпиада жеңімпаздары басым құқықсыз қалды. Олар көп те емес, жылына 20-30 адам ғана. Қазіргі уақытта осы халықаралық олимпиада жеңімпаздарын басқа елдер алып кетіп жатыр. Сондықтан халықаралық олимпиада, ғылыми конкурс жеңімпаздарына, халықаралық спорттық жарыстарға қатысушыларға осындай басым құқық беру өте маңызды», - деді А.Аймағамбетов.

Жоғары қарай