Ауа райы
Астана 8 °С
Алматы 12 °С
валюта бағамы
USD 389.62
EUR 429.98
RUB 6.06
CNY 55.08

Халықаралық Олимпиада комитеті AIBA-ны мойындалу мәртебесінен айырды

2019 жылдың 27 маусым 2019 09:04

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Лозаннада Халықаралық Олимпиада комитетінің 134-сессиясы аяқталуға жақын. Шара барысында ХОК Халықаралық бокс қауымдастығын (AIBA) мойындалу мәртебесінен айыруды бекітті. Бұл туралы Оlympic.kz мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Аталмыш шешімді ХОК мүшелері ұзаққа созылған және қызу пікірталастан кейін бірауыздан қабылдады. Мәселен, негізгі сұрақтар 2020 жылғы Олимпиада ойындарында бокстан квалификациялық жарыстар мен турнирлерді ұйымдастыруды қамтамасыз етуге міндеттелген мақсатты топқа бағытталды. Еске салайық, оған Халықаралық гимнастика федерациясының басшысы Моринари Ватанабэ жетекшілік етеді. Оған Уильям Фредерик Блик (Уганда), ХОК мүшесі, Вилли Кальтшмитт Лухан (Гватемала), ХОК Атқару комитетінің мүшесі, Махмуд Меданси (Мысыр), ХОК спортшылары комиссиясының мүшесі, Мариус Визер (Румыния), Халықаралық дзюдо федерациясының президенті енген.

Бұған дейін аталмыш топ бокс турнирінің жарыс бағдарламасының жобасын ұсынған болатын. Олимпиада-2020-да ол 13 салмақ санатында өтеді (ерлер арасында - сегіз және әйелдер арасында 5 салмақ бойынша). Квалификация келесі жылдың қаңтарында басталады. AIBA өз құқығын Токиодағы Олимпиада ойындары өткеннен кейін ғана қалпына келтіре алады. Атап өтілгендей, ХОК мүшелері AIBA-ның ұзақмерзімді «жарқын келешегіне» көлеңке түсірген.

Перевод Мира Төлендіқызы
Басты сөздер: Спорт, Олимпиада,
Жоғары қарай