Ауа райы
Нұр-Сұлтан 17 °С
Алматы 21 °С
валюта бағамы
USD 380.56
EUR 430.15
RUB 6.02
CNY 55.55

Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының иегерлері анықталды

2019 жылдың 12 сәуір 2019 19:24 841

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстан Жазушылар одағы хатшылығы мәжілісінің шешімімен 2019 жылдың 5 сәуірі күні бір топ ақын, жазушыларға халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығы (2017-2018) берілді. Бұл туралы «Қазақ әдебиеті» газетінің бүгінгі санында хабарланды. 

Халықаралық "Алаш" әдеби сыйлығы (2017-2018) төмендегі қаламгерлерге берілген:

2017 жылдың иегерлері

Ғұсман Жандыбаевқа "Арман ауыл" өлеңдер жинағына;

Нұрдәулет Ақышқа "Рақымсыз көктем" әңгімелер жинағына;

Сайлаубай Жұбатырұлына "Абыржы"  3 томдық шығармалар жинағына;

Қайсар Әлімге "Міржақыптың оралуы, Возвращение Миржакипа" хикаят сапарнамасына;

Шәмшиябану Хамзаға II томдық шығармалар жинағына;

Мира Шүйіншалиеваға "Ар азабы" пьесалар, хикая мен әңгімелер жинағы үшін;

Дәулеткерей Кәпұлына "Терісбұрау" өлеңдер жинағына;

Мырзан Кенжебайға "Өттің дүние" өлеңдер жинағына;

Сайлаубай Тойлыбаевқа  "Сарноқай саздары" жинағына;

2018 жылдың иегерлері:

Нармахан Бегалиевке "Жаз - жалбыз" өлеңдер жинағына;

Байбота Қошым-Ноғайға "Жұмақ нұры" өлеңдер жинағы;

Зейнолла Тілеужановқа «От адам» өлеңдер жинағына;

Нұржан Қуантайұлының «Асыл сөз» роман және әңгімелер жинағына;

Дәурен Қуатқа "Бөрісоқпақ" әңгімелер жинағына;

Өмірзақ Қажымғалиевке "Жаңғырық" трилогиясы үшін;

Мінуар Әкімхановқа "Көңілге тұнған көп сурет" өлеңдер жинағына;

Патигүл Мақсатоваға Патям "Хар пәсилнин гузаллиги бар" өлеңдер жинағына;

Әмина Құрманғлиқызына "Әулет пен нәубет"  шығармалар жинағына;

Серікбай Оспановқа "Алқоңыр" өлеңдер жинағына берілді.

Айта кетейік, Қазақстан Жазушылар Одағының халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығы 1992 жылдан бастап беріліп келеді. 

 

 

Автор: Ербол Жанат
Басты сөздер: Әдебиет, Қоғам,
Жоғары қарай