Ауа райы
Астана -22 °С
Алматы -7 °С
валюта бағамы
USD 383.95
EUR 429.26
RUB 6.16
CNY 55.02

«Халық сүйіктісі» ұлттық сыйлығы бойынша дауыс беру аяқталды

2019 жылдың 16 қараша 2019 11:54

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «Халық сүйіктісі» ұлттық сыйлығының тоғызыншы кезеңі бойынша дауыс беру аяқталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазақстандық «Республика-Аймақ-Даму» қоғамдық қоры 2011 жылы бекіткен ұлттық сыйлық қоғамда танымал адамдар мен ұйымдарға беріледі.

Дауыс беру үш кезеңнен тұрды. Алғашқысы – алдын ала кезең (ұсыну) болса, бірінші кезең – Facebook желісі арқылы жүргізіліп, ал соңғы кезең сайттың ресми сайтында өтті.

Осымен тоғызыншы жыл қатарынан берілгелі отырған сыйлықтың номинациялар тізімі мынадай: «Жылдың үздік мұғалімі», «Жылдың үздік дәрігері», «Жылдың үздік спортшысы», «Жылдың үздік парламентарийі», «Жылдың үздік тележүргізушісі», «Жылдың үздік публицисі», «Жылдың үздік мәдениет қайраткері», «Жылдың үздік ақпараттық интернет-басылымы», «Блог саласының көшбасшысы», «Жылдың үздік трэвел-блогері», «Жылдың үздік фермері», «Жылдың үздік кәсіпкері», «Жылдың үздік әлеуметтік белсендісі», «Жылдың үздік вайнері».

Еске сала кетсек, «Халықтың сүйіктісі-2018» жүлдесіне ие болған жеңімпаздар биылғы қаңтарда марапатталған болатын. «Жылдың үздік ақпараттық интернет-басылымы» номинациясын «ҚазАқпарат» Халықаралық ақпарат агенттігі жеңіп алған еді.

Жоғары қарай