Ауа райы
Астана 24 °С
Алматы 26 °С
валюта бағамы
USD 412.10
EUR 454.34
RUB 5.82
CNY 57.62

Халық қазынасы: Қазақ радиосында жаңа жоба басталды

2020 жылдың 1 сәуір 2020 18:13

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақ радиосы эфиріне ел еңсесін көтеретін жаңа жоба шығады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

1 сәуірде Қазақ радиосы Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясымен бірге «Халық қазынасы» жобасын бастады.

«Ұлт өнерінің саңлақтары: әнші, күйші, жыршылар өз шаңырағында отырып, бір туындыны тарихымен орындап береді. Оны сіздер радио эфирінен тыңдай аласыздар. Ұлт музыкасы сонау жаугершілік заман - «Ақтабан шұбырынды, алқакөл сұлама» кезінде, жоңғар-қазақ қақтығысында да дем берген. Жорық жыраулары, өзі әнші, ақын, күйші композиторлар халықтың рухын халық музыкасымен көтерген. Осынау індет жайлаған заманда бұл міндет бүгінгінің сал-серілерінің мойнына түсіп тұр. Ендеше ұлттың рухын ұлт музыкасымен көтерейік» делінген радионың әлеуметтік желідегі парақшасында.

Айта кетейік, жаңа жоба күн сайын сағат 9:30-да, 13:30-да және 16:30-да болады.


Басты сөздер: Өнер, БАҚ, Мәдениет,
Жоғары қарай