Ауа райы
Нұр-Сұлтан 26 °С
Алматы 29 °С
валюта бағамы
USD 378.38
EUR 431.05
RUB 6.02
CNY 55.00

«Хабар» арнасынан «Золотая эпоха Нур-Султана и Москвы» атты деректі фильм көрсетіледі

2019 жылдың 10 сәуір 2019 20:37 668

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бүгін 21:30-да "Хабар" телеарнасынан Қазақстан Президентінің Мәскеуге сапары туралы жаңадан түсірілген деректі фильм көрсетіледі. Бұл туралы ҚР Президенті баспасөз қызметінің хатшысы Берік Құрманғали Фейсбуктегі парақшасында хабарлады.

«Елдестірмек елшіден. Еліміздің екінші Президенті бүкіл әлем мойындаған кәсіби дипломат екенін білесіздер. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Мәскеуге сапарын сан саққа жүгірткендер де болды.

- шын мәнісінде Мәскеу қалай қабылдады?

- Тұңғыш Президент - Елбасының рөлі туралы көрші ел тұрғындары не дейді және Қазақстанның жаңа президенті қандай әсер қалдырды?

- Екі ел арасындағы қарым-қатынастың болашағы қандай?

Бүгін "Хабар" телеарнасынан 21:30-да жаңадан түсірілген деректі фильмді көріңіздер» делінген хабарламада.

Айта кетейік, Қазақстан Республикасының Президенті Қ.Тоқаев Ресей Федерациясы Президенті В.Путиннің шақыруымен 3-4 сәуірде Ресей Федерациясына сапармен барды. 

Ашық, достық және сындарлы жағдайда өткен келіссөздер барысында мемлекеттер басшылары екіжақты қарым-қатынастардың негізгі мәселелерін, Еуразиялық экономикалық одақ (ЕАЭО) шеңберіндегі ынтымақтастықты, сондай-ақ өзара мүдделі өзекті өңірлік және халықаралық проблемаларды мұқият талқылады. 

Кездесу нәтижесі бойынша Қазақстан мен Ресей Президенттері бірлескен мәлімдеме жасады.

 

 

 

Жоғары қарай