Ауа райы
Нұр-Сұлтан 21 °С
Алматы 15 °С
валюта бағамы
USD 379.36
EUR 424.47
RUB 5.88
CNY 54.95

Гүлшара Әбдіқалықова көпбалалы отбасыларды тіркеу жұмысымен танысты

2019 жылдың 19 сәуір 2019 18:04 658

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат - Шығыс Қазақстанда жұмыс сапарымен жүрген  Вице-Премьер Гүлшара Әбдіқалықова Өскемендегі жұмыспен қамту орталығында болып, көпбалалы отбасыларды тіркеу жұмыстарымен танысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Әуелі Премьер-Министрдің орынбасары құжат өткізіп жатқан аналармен кездесіп, жағдайларын сұрады. Өзін Ақбота Жекебаева деп таныстырған бес баланың анасы құжаттары толық өткенін, атаулы көмек тағайындалғанын айтып, қуанышымен бөлісті.

Орталық қызметкерлері толассыз келіп жатқан адамдардың барлығын жылдам тіркеуге техникалық кедергілер кесірін тигізіп жатқанын айтты. Олардың сөзіне сенсек, ортақ база қайта-қайта тежеліп, соның салдарынан жұмыс бәсеңсіп жатыр. Қала шетінде мал ұстайтын отбасылардың мал-мүлкі туралы ақпарат алу да қиындықтар туғызуда. Ал саяжай кооперативтері мен саяжай серіктестерінде үйлердің мекенжайы бірізді жазылмаған. Бұл өз кезегінде атаулы көмек тағайындауға үлкен кедергі келтіріп отыр. Аталмыш мәселені Еңбек және халықтың әлеуметтік қорғау министрі Бердібек Сапарбаев назарға алды. Орталық қызметкерлері құжаттарды онлайн қабылдау жүйесі 30 сәуірде тоқтап қалмаса деп өтініш білдірді. Өйткені, Өскемендегі 2157 көпбалалы отбасының тек 248-іне ғана жаңа үлгі бойынша атаулы әлеуметтік көмек тағайындалып үлгерген.

«Бұл мәселені шешуге болады деп ойлаймын. Қажет болса, уақытын созу қажет. Өйткені құжат жинауда түрлі кедергілер бар екенін білеміз» - деді Гүлшара Әбдіқалықова.

 

 

 

Жоғары қарай