Ауа райы
Нұр-Сұлтан 21 °С
Алматы 15 °С
валюта бағамы
USD 379.36
EUR 424.47
RUB 5.88
CNY 54.95

Гүлшара Әбдіқалықова бес баласын жалғыз өсіріп жатқан әкеге пәтердің ақшалай сертификатын табыстады

2019 жылдың 19 сәуір 2019 17:28 688

 ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат - Шығыс Қазақстанда жұмыс сапарымен жүрген ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Гүлшара Әбдіқалықова бес баласын жалғыз тәрбиелеп отырған өскемендіктің үйінде болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Нұрлан Жетпісовтің бес баласы бар. Жұбайы өмірден ерте озып, бес балаға ана да, әке де болып отыр.

Н.Жетпісовтің айтуынша, бұған дейін пәтер жалдап, көрінгеннің есігін сағалап жүрген екен. Осындай отбасының бар екенін білген «ВК Техногрупп» ЖШС Жібек Жолы көшесінен өздері салған көпқабатты үйдің бірінші қабатынан екі бөлмелі пәтер сыйлаған.

«Қыздарымның үлкені 10 сыныпта, ал ең кішісі бірінші сыныпқа барады. Басымызға пана табылып, қатты қуанып жатырмыз. Ең бастысы осы баспана болатын. Қалғанын өз күшімізбен көреміз» - дейді Нұрланның өзі.


null 

Гүлшара Әбдіқалықова қоныс тойын тойлап жатқан отбасыға көрімдік ретінде ақшалай сертификат табыстады.



null 

null 

 

Жоғары қарай