Ауа райы
Астана 18 °С
Алматы 18 °С
валюта бағамы
USD 345.55
EUR 401.01
RUB 5.45
CNY 50.98

Грузия әуе компаниясы Астана-Батуми рейсін қайта іске қосады

2018 жылдың 19 маусым 2018 17:24 419

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан азаматтары мен туристерге қолайлы болуы үшін 2018 жылдың жаз айларында, 22 маусым мен 1 қыркүйек аралығында Georgian Airways грузин әуе компаниясы Батуми-Астана-Батуми бағыты бойынша тікелей әуе қатынасын қайта жандандырмақ, деп хабарлайды ҚазАқпарат Азаматтық авиация комитетіне сілтеме жасап. 

Рейстерді жұма сайын аптасына бір рет Embraer 190-100 әуе кемесі жүзеге асырады. Сонымен қатар, осы жылы 2 шілдеде Тбилиси-Алматы-Тбилиси бағытымен бір рейс ұшатын болады. 

Қазіргі уақытта Қазақстан мен Грузия арасындағы тұрақты рейстерді отандық әуе компаниялары орындап жүр. Мәселен, «Эйр Астана» әуе компаниясы Алматы-Тбилиси бағытымен аптасына 5 рет, Астана-Тбилиси бағытымен аптасына 3 рет ұшса, «SCAT» әуе компаниясы Ақтау-Тбилиси бағытымен аптасына 4 рет қатынайды.

 

 

Басты сөздер: Көлік, Грузия, Астана, Туризм,
Жоғары қарай