Ауа райы
Астана 10 °С
Алматы 10 °С
валюта бағамы
USD 389.59
EUR 429.06
RUB 6.05
CNY 55.07

Грэпплингтен әлем чемпионатында ел намысын кімдер қорғайды

2018 жылдың 19 тамыз 2018 22:33

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Астанада грэпплингтен республикалық чемпионат өз мәресіне жетіп, жеңімпаз атанған балуандар әлем чемпионатына жолдама алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Кеше басталған бәсекелі сайыстың бүгін финалы болып, мықтылар анықталды. Жарыста еліміздің әр аймағынан барлық саны 100-ден аса спортшы бақ сынасты.

Екі күнге созылған тартысты күрес нәтижесінде «Қазақ батыры» титулын жеңіп алған 22 балуан (15 ер адам, 7 әйел адам) үстіміздегі жылдың қыркүйек айында Қазақстанда алғаш рет өтетін әлем чемпионатында ел намысын қорғайды.

«Алда грэпплингтен әлем чемпионатын өткізу міндеті тұр. Халықаралық деңгейдегі айтулы шара елімізде алғаш рет қолға алынып жатқандықтан, жауапкершілік жоғары. Балуандарға келсек, республикалық чемпионатқа дейін ұлттық құраманы жасақтау үшін алдын ала іріктеу турнирі өтті. Бұдан бөлек, өңірлердегі күресшілер тыс қалмасын деген мақсатпен еліміздің 5 облысында аймақтық турнир ұйымдастырылды. Бірнеше кезеңнен тұратын, яғни аймақтық турнир, Қазақстан кубогі, Қазақстан чемпионатынан озып шығып, өз күштерін дәлелдеген мықтылар ғана әлем чемпионатына жолдама алды», - деді ҚР грэпплинг қауымдастығының президенті Қанат Алин.





Айта кетейік, грэпплинг - дзюдо, самбо, джиу-джитсу, еркін, грек-рим және басқа да күрестің барлық стилін қамтитын жекпе-жектің бір түрі. Грэпплингтің артықшылығы - спортшылар екі секция бойынша күреседі.





2018 жылдың 6-9 қыркүйек күндері Астанада алғаш өтетін грэпплингтен әлем чемпионатында Қазақстан намысын қорғайтын балуандар:

Сейділдаева Ғалия 53 кг

Әбілқадырова Әйгерім 53 кг

Құлынтай Фариза 58 кг

Омар Гүлмарал 58 кг

Мыңбаев Нариман 62 кг

Мухортов Владислав 62 кг

Набиуллина Ассель 64 кг

Қасымбай Мұратбек 66 кг

Оразалы Айбар 66 кг

Ибрагимов Жанболат 71 кг

Кәріпжанов Данияр 71кг

Берікболова Гүлнәр 71 кг

Сұлтаханова Зарина 71 + кг

Бақытов Азамат 77 кг

Құсайынов Аңсаған 77 кг

Маңғлаев Талғат 84 кг

Дазаев Гойти 84 кг

Албанов Абу-Бакир 92 кг

Төлешев Қажығали 100 кг

Абызов Бақдәулет 100 кг

Сартбаев Рустам100+ кг

Әбусалихов Сәулет 100 + кг

Автор Әли Ибраев
Басты сөздер: Нұр-Сұлтан, Спорт,
Жоғары қарай