Ауа райы
Астана -13 °С
Алматы -7 °С
валюта бағамы
USD 335.05
EUR 395.12
RUB 5.66
CNY 50.64

Ғосман Әмрин Мәжіліс спикерінің қалжыңына ілікті

2017 жылдың 22 қараша 2017 13:53 464

АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Парламенті Мәжілісінің Төрағасы Нұрлан Нығматулин ҚР Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті басшысының орынбасары Ғосман Әмринге қалжың айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Ғосман Кәрімұлы, мына жерде мен болмаған кезде  сізді «Ақ жолдың» қатарына қосылып кете жаздады дейді. Мүмкін, бір жағынан солай болуы қажет те шығар. Сол кезде кеден бизнесмендерге жақындай түсер еді. Азат Перуашев мүмкін бұл мәселені қарастырар. Жалпы, заң жобасы өте маңызды. Сондықтан ендігі уақытта Қаржы министрлігі мен кеден органдары осы заң жобасындағы нормаларды басшылыққа алар деп сенеміз»,-  деп қалжыңдады Мәжіліс спикері.

Айта кетерлігі, бүгін депутаттар «ҚР-дағы кедендік реттеулер туралы» заң жобасы мен оған ілеспе заң жобасын мақұлдаған болатын.

Осы орайда Нұрлан Нығматулин аталған құжаттың талаптарға сәйкес әзірленгенін, экспорт-импортты реттеу үшін барлық жағдай жасалғанын атап өтті. 

«Бүгін біз мақұлдаған заң жобасының нәтижесінде сыртқы экономикалық қызметпен айналысатын кәсіпорындардың қызметтері айтарлықтай жеңілдейтін болады. Осылайша, біздің ойымызша, экспорт өсімі үшін жағдай жасалып, импорт тауарларды жеткізу жеңілдетілетін болады. Ғосман Кәрімұлы, ендігі ең басты және маңыздысы -  кеден органдарының дұрыс әкімшіленуі, барлық мәселелерде Кеден кодексінде, сонымен қатар ілеспе заңда айқындалған заң аясында әрекет етуі тиіс»,-  деді Нұрлан Нығматулин Мемлекеттік кірістер комитеті басшысының орынбасары Әмринге қарата.

 

 

Автор: Марлан Жиембай
Басты сөздер: Парламент,

Пікір қалдыру

Жоғары қарай