Ауа райы
Астана -8 °С
Алматы 13 °С
валюта бағамы
USD 389.98
EUR 434.01
RUB 6.10
CNY 55.04

Google Әдеп жөніндегі кеңесті жапты

2019 жылдың 6 сәуір 2019 22:50

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Google компаниясының жасанды интеллект бойынша қызметін бақылау үшін құрылған тәуелсіз Әдеп жөніндегі кеңес небәрі екі аптадан кейін қайта жабылды. ВВС басылымының жазуынша, бұл, фирмалардың осындай кеңестерді құруы керек пе деген мәселені қайта көтеруге әсер етіп отыр.

«Google өкілдері Әдеп жөніндегі кеңес компания қалағандай қызмет ете алмағанын көрсетті», - деп жазады басылым.

«Компания жасанды интеллект мәселесінде барлық жауапкершілікті өз мойнына алуға дайын. Бұл тақырыптар бойынша сыртқы пікірді білу жолдарын да табатын боламыз», - дейді компания өкілдері.

Басылымның жазуынша, Әдеп жөніндегі кеңес Массачусетс технологиялық институтындағы конференцияда 2019 жылы төрт кездесу өткізуді жоспарлаған болатын.

Автор Айкүміс Болатбек
Басты сөздер: Әлем,
Жоғары қарай