Ауа райы
Астана 21 °С
Алматы 16 °С
валюта бағамы
USD 386.82
EUR 428.67
RUB 5.86
CNY 54.95

Гонконгтың халықаралық әуежайы қайта жұмыс істей бастады

2019 жылдың 14 тамыз 2019 16:10 125

ГОНКОНГ. ҚазАқпарат – Екі күнге созылған бейберекет жағдайдан соң Гонконгтың халықаралық әуежайы сәрсенбі күні қайта жұмыс істей бастады, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА Xinhua агенттігіне сілтеме жасап.

Енді жолаушылар әуежай қызметкерлері билетін тексерген соң тіркеуден өте беруіне болады. Тіркеу орындарының бірі жолаушылар үшін ашық.

Гонконгтың халықаралық әуежайының әкімшілігі адамдардың әуежайдың қалыпты пайдаланылуына кедергі жасауынан сақтауға мүмкіндік беретін уақытша тыйым келгенін хабарлаған.

Әуежай басшылығы әуежай аумағында қандай да бір наразылық акцияларына қатысуына тыйым салынғанын да мәлімдеді.

Гонконгтың халықаралық әуежайы 2018 жылы күн сайын орташа 200 мың адамға қызмет көрсеткен.

Басты сөздер: Оқиға, Әлем,
Жоғары қарай