Ауа райы
Нұр-Сұлтан 19 °С
Алматы 21 °С
валюта бағамы
USD 378.38
EUR 431.05
RUB 6.02
CNY 55.00

Гонконг жағалауында танкер өртеніп жатыр, қаза тапқандар бар

2019 жылдың 8 қаңтар 2019 17:15 805

АСТАНА. ҚазАқпарат - Гонконг акваториясында мұнай танкерінің бортында болған өрт салдарынан бір адам қаза тауып, тағы үшеуі із-түссіз жоғалды. RTHK телерадио хабарларын тарату корпорациясының хабарлауынша, экипаждың 22 мүшесі құтқарылған.

Оқыс оқиға сейсенбі күні жергілікті уақыт бойынша сағат 11:00 шамасында, Ламма аралына жақын жерде болған. Куәгерлердің айтуынша, борттан  жарылыстардың дыбысы шыққан, кемеден қара түтін будақтап шығып жатыр.

Апат орнында құтқару қызметтері жұмыс істеуде. Танкер Вьетнамда тіркелген. 

 

 

Басты сөздер: Әлем, Оқиға,
Жоғары қарай