Ауа райы
Астана 14 °С
Алматы 22 °С
валюта бағамы
USD 389.52
EUR 429.21
RUB 6.07
CNY 54.94

Головкиннің болашақ қарсыластары неге жеңіліп қала береді

2018 жылдың 8 қараша 2018 09:51

АСТАНА. ҚазАқпарат - Танымал қазақстандық боксшы Геннадий Головкин (38-1-1, 34 КО) кәсіби мансабында алғаш рет мексикалық Сауль Альварестен жеңілгеннен кейін келесі айқасына қарсылас іздеп жатыр, деп хабарлайды Sports.kz.

Отандасымыздың болашақ қарсыластарының арасында жапондық Риото Мурата мен ирландық Гэри О'Салливан бар еді.

GGG командасы қарамағындағы боксшыға әлсіз қарсылас іздеп жүр ме? Бұл сауалымызға ҚР Кәсіби бокс федерациясының вице-президенті Виктор Демьяненко жауап берді.

«Бұл әлсіз қарсылас іздеп жатыр деген сөз емес. Көп боксшы GGG-мен жұдырықтасқысы келмейді, себебі ешкім жеңілуді қаламайды. Мурата Токиодағы ел-жұртының алдында өзін көрсеткісі келді, бірақ ол Головкинге лайық қарсылас емес. «Канело» да, GGG де қазір лайықты қарсылас қарастырып жатыр», - деп есептейді маман.

Басты сөздер: Спорт, Бокс, Геннадий Головкин,
Жоғары қарай