Ауа райы
Астана -18 °С
Алматы -8 °С
валюта бағамы
USD 386.44
EUR 428.37
RUB 6.06
CNY 54.93

Головкинге ресми түрде келесі қарсыласы белгіленді

2019 жылдың 7 қараша 2019 08:24

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Геннадий Головкиннің (40-1-1, 35 КО) тең промоутері Эдди Хирн Халықаралық бокс федерациясының (IBF) қазақстандық боксшыны орта салмақтағы әлем чемпионы белбеуін қорғауға міндеттегенін айтты, деп хабарлайды Sports.kz.

Головкиннің келесі қарсыласы ешқашан жеңіліп көрмеген поляк боксшысы Камил Шеремета (21-0, 5 КО) болмақ. Айқас ақпанда (жұмыс күндері – 8-і немесе 29-ы), Чикагодағы (АҚШ) Wintrust Arena-да өтуі тиіс.

Еске салайық, Головкин IBF белбеуін 5 қазанда төрешілердің шешімімен украиналық Сергей Деревянченконы (13-2, 10 КО) жеңгені үшін иеленді. Сондай-ақ, Геннадийге IBO тұжырымы бойынша бос тұрған әлем чемпионы белбеуі де берілді.

Басты сөздер: Спорт, Геннадий Головкин,
Жоғары қарай