Ауа райы
Астана 19 °С
Алматы 22 °С
валюта бағамы
USD 386.04
EUR 427.77
RUB 5.88
CNY 54.45

Головкин ТМД елдеріндегі ең табысты боксшы атанды

2019 жылдың 14 шілде 2019 18:38 286

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Forbes журналы 2019 жылы ең көп қаржы төленген спортшылардың тізімін жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат кәсіпқой бокс жаңалықтар порталының Instagram-дағы парақшасына сілтеме жасап.

Тізімге қазақстандық танымал боксшы Геннадий Головкин енген.

«GGG-дің биыл тапқан жалпы табысы 25,5 млн доллардан асып үлгерді. Оның 23,5 млн доллары - Роллспен айқасы үшін гонорар, ал 2 млн доллар - демеушілік келісімшарттардан түскен. Forbes рейтингінде Головкин 95-орынға тұрақтаған және посткеңестік елдер арасында тізімге енген жалғыз спортшы атанды», - делінген хабарламада.

Еске сала кетсек, канадалық боксшы Стив Роллспен кездесу Головкин үшін Dazn алаңындағы алғашқы айқас болды. Dazn-мен келісімшарт аясында 100 млн долларға бағаланған тағы бес кездесу жоспарланып отыр.

Жоғары қарай