Ауа райы
Нұр-Сұлтан 11 °С
Алматы 12 °С
валюта бағамы
USD 378.56
EUR 424.44
RUB 5.91
CNY 56.36

Головкин өзін жоғары деңгейге көтеру үшін барын салды - Рамзан Кадыров

2019 жылдың 15 наурыз 2019 14:15 719

АСТАНА. ҚазАқпарат - РФ Шешенстан Республикасының басшысы Рамзан Кадыров қазақстандық боксшы Геннадий Головкиннің жетістіктері туралы пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ҚР Президенті телерадиокешенінің Инстаграм парақшасында жарияланған шағын видеода Рамзан Кадыров Геннадий Головкин туралы ойын айтты.

«Мен бала кезден боксты жақсы көремін. Мен үшін үздік спортшы - кім болса ол болсын, дарынды адам, мен үшін құрметті адам. Себебі, еңбексіз ешкім ештеңеге қол жеткізе алмайды. Сіздердің боксшыларыңыз - әлем чемпионы, ол өзін осындай деңгейге көтеру үшін жанын салды. Жаттығуға емес, бәрі адамның өзіне байланысты. Өзін-өзі шыңдайтын болса, оның қолынан бәрі келеді. Сіздерде бокс қана емес, дзюдо да қатты дамып келеді. Біздің спортшыларымыз кездесіп, бірде жеңіп, бірде жеңілген болатын. Сіздерде спорт қарқынды дамып жатыр, спортшыларыңызға қарап қуанып отырамыз», - дейді Рамзан Кадыров.

Естеріңізіге сала кетейік, үш тұжырым бойынша орта салмақтағы экс-әлем чемпионы қазақстандық Геннадий Головкин DAZN стримингтік сервисімен мәміле жасады. Үш жылға арналған келісімшартқа сәйкес, Геннадий платформада алты жекпе-жек өткізуге тиіс. Бұған дейін Головкиннің DAZN-мен келісімшарты, «Канеломен» айқасы және бокстағы мақсаты туралы айтқанын жариялаған едік.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Бүкіл әлем, әсіресе бокс фанаттары Головкиннің рингке қайтып оралуын күтіп жатқанда, Шешенстан Республикасының басшысы Рамзан Кадыров ҚР Президентінің ТРК-не біздің чемпион туралы пікірімен бөлісті. "Сіздердің боксшалырыңыз - әлем чемпионы, ол өзін осындай деңгейге көтеру үшін бар жанын салды"- деді Рамзан Кадыров. Естеріңізіге сала кетейік, үш тұжырымдары бойынша орта салмақтағы экс-әлем чемпионы қазақстандық Геннадий #Головкин @gggboxing DAZN стримингтік сервиспен мәміле жасады. Үш жылға арналған келісімшартқа сәйкес, Геннадий платформада алты жекпе-жек өткізуге тиіс. ______________ Пока весь мир, и в особенности фанаты бокса, ждут возвращения Головкина на ринг, глава Чеченской Республики Рамзан Кадыров рассказал ТРК Президента РК, что он думает о нашем чемпионе. «Ваш боксер - чемпион мира, и он очень много вложил сам в себя», - сказал Рамзан Кадыров. Напомним, ранее экс-чемпион мира в среднем весе по трем версиям казахстанец Геннадий Головкин заключил сделку со стриминговым сервисом DAZN. Согласно контракту, который рассчитан на три года, Геннадий должен будет провести на платформе шесть боёв. #tripleg#ggg#champion#box#kazakhstan

Публикация от Президент Телерадиокешені (@ptrk.kz) 14 Мар 2019 в 11:52 PDT

Жоғары қарай