Ауа райы
Астана 21 °С
Алматы 20 °С
валюта бағамы
USD 386.71
EUR 429.17
RUB 6.02
CNY 54.66

Головкин мен Деревянченко айқас алдында алғаш рет көз арбасты

2019 жылдың 23 тамыз 2019 08:25

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстандық боксшы Геннадий Головкин мен украиналық Сергей Деревянченко жекпе-жектің алдында алғаш рет бетпе-бет кездесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат Sports.kz-ке сілтеме жасап.

Боксшылар Нью-Йорктегі (АҚШ) Madison Square Garden аренасында баспасөз мәслихатын өткізді. Арты дәстүрлі көз арбасу процедурасына ұласты.

Журналистердің алдында сөз сөйлеген Деревянченко «Головкиннің дәурені өтті» деп мәлім етсе, Геннадий қарсыласынан аздап сескенетінін мойындады.

Головкин-Деревянченко жекпе-жегі 5 қазанда Нью-Йорктегі (АҚШ) Madison Square Garden аренасында өтеді. Боксшылар IBF н ұсқасы бойынша бос тұрған орта салмақтағы әлем чемпионы титулына таласатын болады. Ол бұған дейін мексикалық боксшы Сауль Альвареске тиесілі болған еді. Сондай-ақ, өткен жылы IBF белбеуі Головкиннің өзіне де тиесілі болған, алайда боксшы Деревянченкоға қарсы міндетті айқастан бас тартқаны үшін титулдан айырылып қалды.


Басты сөздер: Спорт, Геннадий Головкин, Бокс,
Жоғары қарай