Ауа райы
Астана 10 °С
Алматы 21 °С
валюта бағамы
USD 443.50
EUR 479.47
RUB 5.79
CNY 62.51

Головкин-«Канело» үшінші жекпе-жегі 2021 жылы өтуі мүмкін

2020 жылдың 27 ақпан 2020 11:41

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Boxingnews24.com журналисі Шон Джонс қазақстандық боксшы Геннадий Головкин мен мексикалық Сауль Альварес трилогиясын күтуге тура келеді деп есептейді.

Сарапшының пікірінше, қыркүйекте «Канело» өзіне басқа қарсылас, әлемнің чемпионы орта салмақтағы «WBA» белбеуінің «тұрақты» иегері, жапон боксшысы Риота Муратаны таңдауы мүмкін, деп жазады Sports.kz.

Егер онымен рингке шыққан жағдайда Альварес пен Головкиннің жекпе-жегі 2021 жылдан ерте өтпейді.

«Жанкүйерлер «Канелоның» Муратамен жекпе-жегіне онша қызығушылық танытпайды. Бірақ бұл айқас қыркүйек айында өтуі мүмкін, яғни Головкинге Альваресті 2021 жылға дейін күтуге тура келеді», - деп жазды Джонс.


Басты сөздер: Спорт, Геннадий Головкин,
Жоғары қарай