Ауа райы
Нұр-Сұлтан 23 °С
Алматы 27 °С
валюта бағамы
USD 382.38
EUR 428.30
RUB 5.97
CNY 55.39

Голландияда төрешінің гол соққаны, оны есепке алғаны желіде жарияланды

2019 жылдың 26 мамыр 2019 13:31 1315

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Голландияда әуесқой футбол жоғары лигасы ақтық турының матчында бас төреші «Харкемасе Бойз» клубының қақпасына гол соғып, оны есепке алған. Осы бір өрескел сәт жайлы видео twitter-де жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

 «Хоек» командасы футболшыларының шабуылы нәтижесінде доп бірнеше рет қақпаға ене жаздап, қақпашының шеберлігінің арқасында кері кеткен. Осындай тайталасқан сәттердің бірінде доп  төрешіге қарай серпілген. Ал ол болса сол аяқпен қақпаға қарай бағыттаған. Футболшылар қанша ашуланғанымен, рефери бұл голды есепке алды.

 

 

Басты сөздер: Спорт, Әлем,
Жоғары қарай