Ауа райы
Астана 1 °С
Алматы 6 °С
валюта бағамы
USD 388.70
EUR 428.70
RUB 6.08
CNY 55.46

Германияда тек жүк көліктерін тонайтын қылмыстық топ ұсталды

2019 жылдың 20 қазан 2019 00:53

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Германияда қылмыстық топ құрып, Еуроодақ территориясында жүк көліктерін тонайтын беларустар қолға түсті, деп хабарлайды Европол.

Оларды ұстауға неміс, чех және француз құқық қорғаушылары, сондай-ақ Еуропа полиция ұйымының қызметкерлері қатысты.

Қылмыстық топ демалыс аймақтарындағы, көлік трассаларындағы және көлік тұрақтарындағы фураларды тонайтын болған. Беларустар Германияда 60-қа жуық қылмысқа қатысы бар деген күдікке ілініп отыр. Келтірілген шығын 500 мың еуродан астам. Топ құрамында кем дегенде алты адам болған. Баукеспелер Франция аумағында да ұрлық жасаған.

Қылмыстық топтың серкесі мен төрт мүшесі ұсталды. Күдіктілерді қолға түсірген кезде олардың жүк көлігінен ұрланған бірнеше телевизор табылған. Тергеу жұмыстары жалғасып жатыр.

Басты сөздер: Еуропа, Қылмыспен күрес,
Жоғары қарай