Ауа райы
Астана -6 °С
Алматы 0 °С
валюта бағамы
USD 385.76
EUR 427.89
RUB 6.04
CNY 54.79

Геннадий Головкин өзінің басты қарсыласын атады

2019 жылдың 28 қыркүйек 2019 10:08

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстандық боксшы Геннадий Головкин өзінің басты қарсыласы кім екенін, 5 қазан күні өтетін украиналық Сергей Деревянченкомен жекпе-жектен не күтетінін айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Sports.kz сілтеме жасап.

«Мен ешкімнен үлгі алмауға тырысамын. Әдейі. Мен өз жасымда қолымнан келсе, соның бәрін жасап, тынымсыз еңбектеніп жатырмын. Енді менің жанкүйерлерім мен сарапшылар қаншалықты тер төгіп, қанша күш-жігер жұмсағанымды бағалай алады. Менің басты қарсыласым белгілі бір адам емес. Менің басты қарсыласым – ол менің қазіргі жасым мен мотивациям. Мен алдағы жекпе-жектің болатынына қуаныштымын. Маған Нью-Йорктегі бокс атмосферасы ұнайды», - деп келтіреді спортшының сөзін Boxinginsider.com.

Еске сала кетейік, Головкин - Деревянченко айқасы бесінші қазан күні Нью-Йорктегі «Мэдисон Сквер Гарден» аренасында өтеді. Қос боксшы IBF және IBO чемпионы титулдарын сарапқа салады.

Жоғары қарай