Ауа райы
Астана 3 °С
Алматы 10 °С
валюта бағамы
USD 447.60
EUR 489.41
RUB 5.71
CNY 63.05

Генетикалық допинг пайда болуы мүмкін бе

2020 жылдың 27 ақпан 2020 17:34

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - «Осы күнге дейін спорттық жетістіктерге жету үшін геномды өзгерту жағдайы тіркелмеген. Дегенмен, спорт әлемі осы жаңалыққа дайындалып жатыр», - деп хабарлайды Le Figaro.

«2002 жылы Дүниежүзілік допингке қарсы агенттік генетикалық допингке қарсы алғашқы зерттеу бағдарламасын жариялады. 1998 жылы Ли Суини атты америкалық ғалым тышқанға зерттеу жүргізіп, генін өзгертті. Содан кейін оған спортшылар мен жаттықтырушылар көптеп хабарласа бастаған», - дейді басылым. Ғалым оған спортшылар хабарласа бастағанда-ақ бірден дүниежүзілік допингке қарсы агенттікке мәлім еткен.

Аталмыш газеттің жазуынша, «генетикалық допингтің пайда болуын тежейтін фактор көп. Дегенмен, бүгінгі таңда допингке қарсы агенттік спорт қауымдастығындағы генетикалық допингтің таралуын анықтайтын тестілер әзірлеп жатыр. Сонымен қатар генетикалық допингтің этикалық мәселесі де кеңінен талқылануда.



Автор Айкүміс Болатбек
Басты сөздер: Әлем,
Жоғары қарай