Ауа райы
Астана -3 °С
Алматы -5 °С
валюта бағамы
USD 378.60
EUR 417.75
RUB 6.13
CNY 54.58

Генерал-майор Әділбек Алдабергенов  Арыс мектептерінде ерлік сабақтарын өткізді

2019 жылдың 2 қазан 2019 23:46

АРЫС. ҚазАқпарат – ҚР ҚК Бас штабы бастығының орынбасары, генерал-майор Әділбек Алдабергенов Арыс қаласындағы мектептер мен колледждерде білім алатын жастармен кездесті. Ерлік сабақтарын өткен әскери шенді өскелеі ұрпаққа ел алдындағы борышты өтеу, патриотизм, намыс пен ерлік көрсеткен қазақстандық батырлар туралы айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Генерал оқушыларға әскери бөлімдерге есімі берліген қызметшілер жайында, сондай-ақ қазақстандық әскердің қазіргі жағдайы мен сарбаздардың батылдықтары туралы айтты. «Жер бетінде көптеген беделді, пайдалы және қажетті мамандықтар бар. Сондай-ақ Отан қорғау мамандығы деген бар! Және бұл барлық уақытта да қасиетті! Әскери қызметшілер – бұл, ең алдымен, біздің қауіпсіздігіміз. Әскери мамандары жұмысының мәні, олар күн сайын сіздер мен біздер үшін, бейбіт өмір сүріп, жұмыс істеуге, балаларды тәрбиелеп, болашаққа жоспар құруымыз үшін – өз өмірлерін қауіп қатерге тігеді», – деді генерал-майор Әділбек




Алдабергенов. ҚР ҚК Бас штабы бастығының орынбасары кәсіби мереке қарсаңында ұстаздарды құттықтап, олардың өсіп келе жатқан ұрпақты тәрбиелеуге қосқан үлесін атап өтті. Сондай-ақ оқушыларға денсаулық, табандылық және оқуда табыс тілеп, өздері қалаған мамандықтары бойынша ЖОО түсуіне сәттілік тіледі. Оқушылар кездесуге белсенді түрде қатысып, көкейлерінде жүрген сұрақтарын қойды. Сабақтан кейін балалар генералмен бірге ағаш көшеттерін отырғызып, республикалық экологиялық сағат акциясын қолдады. Айта кетейік, генерал-майор Әділбек Алдабергенов Ауғанстандағы соғыс ардагері. Ол әскери қызметтегі әскери еңбегі мен жетістіктері үшін жоғары әскери наградалармен марапатталған.



















Автор Айнұр Ақбаева
Басты сөздер: Білім, Әскер, Арыс,
Жоғары қарай