Ауа райы
Нұр-Сұлтан 26 °С
Алматы 29 °С
валюта бағамы
USD 378.38
EUR 431.05
RUB 6.02
CNY 55.00

Гендерлік теңдікке жасалған кезекті қадам - Дәурен Абаев Еспаеваның сайлауға қатысуы жөнінде

2019 жылдың 25 сәуір 2019 22:41 1043

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев ҚР Президенті сайлауына қатысушылар жөнінде пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оның айтуынша, Nur Otan партиясы атынан Қасым-Жомарт Тоқаевтың ұсынылуы таңқаларлық жаңалық емес.

«Биыл 19 наурыздан бастап, Елбасы Қасым-Жомарт Кемелұлына бірнеше рет қолдау білдірді. Сондықтан да Nur Otan партиясы атынан Қасым-Жомарт Кемелұлының ұсынылуы таңқаларлық жаңалық емес. Бір ғана партияны бөле-жара айтуға болмайды. Бұл аптада Сәдібек Түгел, Дания Еспаева, Амангелді Таспихов сынды жаңа үміткерлерді білдік. Жақын күндері одан да басқа кандидаттардың есімі аталады», - деді Д. Абаев Хабар» арнасындағы «Ашық диалог» бағдарламасында

Сонымен бірге, министр тұңғыш рет қазақстандық әйелдің Президент сайлауына қатысуы жөнінде өз ойын білдірді.

«Меніңше, Дания Еспаеваның партияластарының бұл шешімін тек қана қолдауымыз керек. Бұл өте айрықша оқиға және қоғамымыздың гендерлік теңдікке қарай жасаған кезекті қадамы. Оны еліміздің барлық өңірінде өкілдіктері бар, 250 мың адамнан құралған партия ұсынып отыр. Мақтанғандай естілуі мүмкін, бірақ бұл - Қазақстан әйелдерінің үлкен жеңісі», - деді Дәурен Абаев.

Жоғары қарай