Ауа райы
Астана 0 °С
Алматы 21 °С
валюта бағамы
USD 389.59
EUR 429.06
RUB 6.05
CNY 55.07

Ғасыр жасаған кейуана ұзақ өмір сүрудің құпиясын бөлісті

2019 жылдың 23 мамыр 2019 12:03

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Жаңа Зеландияда Мосгил қаласының тұрғыны Мюриэль Барбара ұзақ өмір сүрудің құпиясы - толыққанды ұйқы мен дұрыс тамақтану екенін айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Otago Daily Times газетінің жазуынша, ол 22 мамырда жүз жасқа толғанын тойлаған. Қарт әйел жастық шағын еске алып, белсенді өмір салтын ұстанғанын атап өтті.

Ол түрлі спорт түрлерімен айналысқан, соның ішінде хоккей ойнап, коньки тепкен. Барбараның 4 баласы, 12 немересі, 21 шөбересі және бес шөпшегі бар.

Бұдан бұрын Канададағы Конкордия университетінің ғалымы егде адамдардың өмірінің ұзақтығын эмоцияның ықпалымен байланыстырған еді.

Басты сөздер: Қоғам, Әлем,
Жоғары қарай