Ауа райы
Астана 2 °С
Алматы 4 °С
валюта бағамы
USD 366.43
EUR 420.11
RUB 5.58
CNY 52.87

Ғасыр кездесуі: АҚШ пен Солтүстік Кореяның тарихи саммиті өтіп жатыр

2018 жылдың 12 маусым 2018 12:04 907

СИНГАПУР. ҚазАқпарат - Сейсенбі күні Сингапурда АҚШ Президенті Дональд Трамп пен Солтүстік Кореяның көшбасшысы Ким Чен Ынның тарихи кездесуі өтті, деп хабарлайды Ренхап агенттігі.

Саммит жергілікті уақыт бойынша таңғы 9-да Сингапурдегі Сентос аралындағы Сapella қонақ үйінде басталды.

Әлемдік және корейлік әлеуметтік желілерде тарихи сәтті бейнелейтін суреттер мен видеолар пайда болды. KSNA солтүстікореялық жаңалықтар агенттігі таңертеңнен бастап президенттердің шағын және кеңейтілген кездесуінің суреттері және видеоларымен бөлісуде.

Ренхап жазғанындай, шағын кездесу алдында Трамп барлығы сәтті өтетініне және алдағы уақытта екі мемлекеттің ара-қатынасы жақсы болатынына сенімділік білдірді


Трамп пен Ким көзбе-көз 45 минут сөйлесіп, кеңейтілген құрамда бас көмекшілерінің қатысуымен екіжақты келіссөздерді бастап кетті. Трампқа АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы Майк Помпео, Ақ үйдің аппарат басшысы Джон Келли және президенттің ұлттық қауіпсіздік жөніндегі кеңесшісі Джон Болтон қосылды. Пхеньян тарапынан саммиттің алдында АҚШ-та болып қайтқан Солтүстік Корея Еңбек партиясы ОК төрағасының орынбасары Ким Ён Чхоль, Еңбек партиясы ОК төрағасының орынбасары Ли Су Ён, сондай-ақ, Солтүстік Корея СІМ басшысы Ли Ён Хо қатысты.

Оңтүстіккореялық басылымдардың басты тақырыпқа арналған мақалаларында «тағдыршешті күн», «ғасыр кездесуі», «бейбітшілікке апарар алғашқы қадам» сынды сөз тіркестері көптеп жазылуда.

Ренхап агенттігінің ақпаратына сәйкес, Дональд Трамп Ким Чен Ынмен кездесу тағы бір күнге созылатынын жоққа шығарды. Күтілгендей, бүгін АҚШ президенті солтүстіккореялық тараппен өткен кездесу жөнінде баспасөз конференциясын беріп, жергілікті уақыт бойынша кешкі сағат 7-де АҚШ-қа аттанады.


Басты сөздер: Әлем,
Жоғары қарай