Ауа райы
Астана -8 °С
Алматы -2 °С
валюта бағамы
USD 385.55
EUR 426.57
RUB 6.05
CNY 54.77

Ғалымжан Әбдіхалықов Ақмола облысы әкімінің орынбасары болып тағайындалды

2019 жылдың 4 шілде 2019 22:19

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысы әкімі Ермек Маржықпаевтың өкімімен және Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің келісімі бойынша Ғалымжан Кенжешұлы Әбдіхалықов облыс әкімінің ауыл шаруашылығы мәселелері жөніндегі орынбасары болып тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ғалымжан Әбдіхалықов 1964 жылы Ақмола облысы Біржан сал ауданында дүниеге келген.

Целиноград ауыл шаруашылығы институтын және Д.А.Қонаев атындағы университетті тәмәмдаған.

Еңбек жолын 1985 жылы Көкшетау облысының Еңбекшілдер ауданы Мамай кеңшарында бас мал дәрігері ретінде бастаған.

1988-1999 жылдары Бурабай (бұрынғы Щучье) ауданының Мәдениет кеңшарында директор, Юрьевск кеңшарында директор болып жұмыс істеді.

1999-2008 жылдары салық, қаржы полициясы, ҚР ІІМ органдарында қызмет атқарды.

2008-2018 жылдары ҚР Президенті Іс Басқармасының ведомстволарында түрлі жауапты лауазымдарда істеді.

Жаңа қызметке тағайындалғанға дейін «Бурабай» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің директоры болды.

Жоғары қарай