Ауа райы
Астана 14 °С
Алматы 23 °С
валюта бағамы
USD 386.70
EUR 427.15
RUB 6.06
CNY 54.57

Ғалы Бақтыбаевты атып өлтірді деген күдікпен 4 адам ұсталды- ІІМ

2019 жылдың 22 тамыз 2019 20:52

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қарағанды облысында адам атып өлтірді деген күдікпен 4 адам ұсталды. Бұл туралы ҚР ІІМ баспасөз қызметінен мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«ҚР ІІМ криминалдық полициясы мен Қарағанды облыстық полиция департаментінің қызметкерлері мамыр айында Атасу елді мекенінде өз үйінің ауласында оқ жарақатынан қайтыс болған Ғалы Бақтыбаевтың өліміне қатысты қылмысты ашты. Аса ауыр қылмысқа байланысты Ішкі істер министрінің тапсырмасымен ІІМ криминалдық полициясы мен облыстық полиция департаментінің тәжірибелі қызметкерлерінен жасақталған жедел тергеу тобы құрылған болатын» , - деді ведомстводан.

Жедел уәкілдердің тергеу шаралары барысында қаза тапқан азаматтың үйінен түрлі мемлекеттік органдарға шағымдармен бірнеше рет жүгінген құжаттары назарға алынған.

Министрліктің атап өтуінше, адам өлтіру фактісінің түрлі себептері тексеріл іп, с әйкесінше сараптамалар жүргізілген. Полиция қызметкерлері жүргізген жедел іздеу және тергеу шараларының нәтижесінде 4 жергілікті тұрғын ұсталды. Олардың үшеуі бұрын сотталған, төртіншісі бұрын полиция қызметкері болғаны анықталды.

« Ұсталғандар кісі өлтіру негізінен онымен нашар қарым-қаты настың салдарынан болғанын мойындап отыр. Қазіргі уақытта күдіктілер қамауға алынды. Заттай айғақ ретінде қару тәркіленді. Тергеу жалғасып жатыр » , - делінген таратылған ақпаратта.

Еске салсақ, б ұған дейін Қарағанды облысының Жаңаарқа ауданы Атасу кентінде атып өлтірілген ер адамның денесі табылғанын хабарлаған едік.


Жоғары қарай