Ауа райы
Астана -7 °С
Алматы 2 °С
валюта бағамы
USD 445.84
EUR 490.47
RUB 5.73
CNY 62.87

Гаитиде балалар үйіндегі өрт 15 баланың өмірін қиып кетті

2020 жылдың 15 ақпан 2020 16:24

ПОРТ-О-ПРЕНС. ҚазАқпарат – Гаити астанасының оңтүстік бөлігінде орналасқан балалар үйінде өрт болып, 15 бала қаза тапты, деп хабарлайды ҚазАқпарат агенттігі BBC News-қа сілтеме жасап.

Қызыл жалын екі баланың өмірін қиса, түтінге уланған 13-і ауруханада көз жұмды. Жергілікті билік өкілдері өрттің туындау себептерін анықтап жатыр. Ал балалар үйінің қызметкерлері мен тәрбиеленушілеріне сілтеме жасалған хабарламаларда үйде электр жарығы болмағандықтан, майшам пайдаланылғаны айтылған. ВВС мәліметі бойынша, өрт болған түні балалар үйінің электр генераторы бұзылып қалған.

Америкалық христиандық топ басқаратын балалар үйі Гаитидағы ресми рұқсатнамасыз жұмыс істейтін жүздеген мекемелердің бірі.

Билік өкілдері аман қалған балаларды қауіпсіз жерге орналастырумен айналысып жатыр. Әлеуметтік қамсыздандыру институтының директоры Ариэль Жанти Вилледруэн лицензиясы жоқ балалар үйінде 60- жуық жеткіншек тұрғанын растады. Кейбір деректер бойынша, балалар үйінің 2013 жылдан бері лицензиясы болмаған.

«Біз оларды (аман қалғандарды) транзиттік орталыққа орналастырмақшымыз, әзірге отбасыларын іздестіріп жатырмыз, оларды ата-аналарымен қауыштырғымыз келеді», - деп мәлімдеді ол Reuters агенттігіне.


Басты сөздер: Оқиға, Әлем,
Жоғары қарай