Ауа райы
Астана 18 °С
Алматы 32 °С
валюта бағамы
USD 384.52
EUR 431.32
RUB 6.10
CNY 55.89

G20 елдері мұхитқа тасталатын пластик көлемін азайтуға келісті

2019 жылдың 17 маусым 2019 02:17 1454

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат -  G20 елдерінің өкілдері Жапониядағы Каруидзава қаласындағы кездесу барысында Дүниежүзілік мұхитта қалқып жүрген пластикалық қоқысқа қарсы күресте бірлесе іс-қимыл жасайтын халықаралық құрылым құру жөнінде келісті. Бұл туралы жексенбі,16 маусым күні жапондық Kyodo  агенттігі хабарлады.

 Қабылданған келісімге сәйкес, G20 елдері пластикалық қоқыстарды азайту жөніндегі шешімді ұжым болып қабылдайды және өзара жұмыс нәтижелерін алмасып отырады.

Талқылау қорытындысы бойынша барлық қатысушылар әлемдік экономиканы энергетикалық шикізатпен қамтамасыз етуде тұрақтылыққа қол жеткізу үшін күш біріктіруге  келісті. Сондай-ақ кездесуде БҰҰ-ның суды пластикпен  ластаудағы деректері айтылды. Ол бойынша адамзат әр жыл сайын 300 миллион тоннаға дейін пластикалық қоқыс шығарады екен. Ал оның 10 миллион тоннаға жуығы Дүниежүзілік мұхитқа тасталады. Бұл бүгінгі таңда ғаламдық экологиялық проблеманы тудырып отыр.

 

 

Басты сөздер: Экология, Әлем,
Жоғары қарай