Ауа райы
Нұр-Сұлтан 16 °С
Алматы 16 °С
валюта бағамы
USD 379.59
EUR 429.43
RUB 5.91
CNY 56.58

Футзалдан әлем чемпионаты: Қазақстандық студенттер жеңіспен бастады

2018 жылдың 19 тамыз 2018 18:07 372

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Өз алаңында өтіп жатқан студенттер әлем чемпионатында Қазақстанның футзал құрамасы Чехияны жеңді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ойын өте тартысты болды, екі команданың қақпасына бір-бірден пенальти белгіленгені де мұны растаса керек.

Қазақстандықтар сапында ХАТУ студенті Дәурен Тұрсағұлов пен Қарағанды экономика университетінің студенті Ағеділ Мадияров екеуден гол соқты.

Чехиялықтардан Павел Дрозд, Ярослав Кубат және Давид Черны гол соқты.

Келесі ойынды В тобындағы Қайрат Құлбарақов шәкірттері 20 тамыз күні 20:00-де Жаңа Зеландия студенттеріне қарсы өткізеді.

Еске сала кетейік,бүгін  Алматы Аренада футзалдан студенттер арасындағы әлем чемпионаты салатанатты түрде ашылған болатын.

 

Басты сөздер: Спорт, Алматы,
Жоғары қарай