Ауа райы
Астана -5 °С
Алматы -7 °С
валюта бағамы
USD 377.09
EUR 407.37
RUB 5.93
CNY 53.95

Футзал: Ұлттық құрамада ойнайтын спортшылар белгілі болды

2020 жылдың 23 қаңтар 2020 11:24

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Футзалдан Қазақстан құрамасының елордада өтетін оқу-жаттығу жиынына шақырту алған ойыншылар белгілі болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі Қазақстан футбол федерациясына сілтеме жасап.

Оқу-жаттығу жиыны 23-31 қаңтар аралығында Нұр-Сұлтан қаласында өткізіледі. Дайындық аяқталғаннан кейін құрама 2020 жылғы әлем чемпионаты элиталық сатысындағы ойындарды өткізу мақсатында Чехияға аттанады. Онда Румыния, Словения және Чехиямен күш сынасады. Жарыстың элиталық сатысы 2-5 ақпан аралығында болады.

Қазақстан құрамасының бас бапкері Кака оқу-жаттығу жиынына 16 ойыншыны шақырды. Олардың қатарында қақпашылар - Игита («Қайрат»), Александр Гуров («Аят»), Нұрәлем Байдулла («Жетісу»); ойыншылар - Дәурен Нұрғожин, Шыңғыс Есенаманов, Біржан Оразов, Дәурен Тұрсағұлов, Альберт Ақбалықов, Нұрсұлтан Пиялы, Дуглас (барлығы - «Қайрат»), Азат Валиуллин («Аят»), Дінмұхамед Сүлейменов, Арнольд Кнауб (екеуі - «Жетісу»), Қайрат Иманалин («Ақтөбе»), Тайнан, Лео (екеуі - «Спортинг», Португалия) сынды ойыншылар бар.

Әрбір топта жеңімпаз атанған төрт құрама турнирдің финалдық сатысына тікелей жолдама алады. Ал өз тобында екінші орын алған төрт құрама қосымша екі жолдаманы сарапқа салады.


Автор Әділжан Үмбет
Басты сөздер: Спорт,
Жоғары қарай