Ауа райы
Астана 9 °С
Алматы 10 °С
валюта бағамы
USD 389.62
EUR 429.98
RUB 6.06
CNY 55.08

Футзал: «Қайрат» УЕФА Чемпиондар лигасының финалында жеңіліп қалды

2019 жылдың 28 сәуір 2019 23:37

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бүгін Алматы қаласында футзалдан УЕФА Чемпиондар лигасы мәресіне жетті. Аталмыш турнирдің чемпионы мен жүлдегерлері анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Естеріңізге сала кетелік, дүбірлі додада Алматының «Қайрат» командасы бақ сынады. Қарсыластары - Испанияның «Берселона» және «Интер Мовистар», Португалияның «Спортинг» командалары.

Аталмыш турнир бұған дейін УЕФА кубогы деп аталып келген еді. Биылдан бастап УЕФА Чемпиондар лигасы атауына ие болды.

Алматылықтар 26 сәуірде өткен жартылай финалда Испанияның «Барселонасын» 5:2 есебімен жеңді. Ал одан бұрын «Спортинг» клубы «Интер Мовистарды» 5:3 есебімен тізе бүктірген еді. Осылайша финалға «Қайрат» пен «Спортинг» жолдама алды.

Бүгінгі кездесуде португалдар жинақы ойын көрсетті. Олар алматылық клубтың қақпасына алдымен екі гол соғып кетті. Алдымен 28-минутта Кавинато мергендік танытса, 27-минутта Алекс Мерлим есепті үстемелей түсті. Оған алматылық клуб сапынан 38-минутта Дуглас жалғыз голмен жауап қайырды. Финалда «Спортинг» «Қайраттан» 2:1 есебімен басым түсті. Аталмыш команда өз тарихында тұңғыш рет аталмыш турнирде чемпиондық атаққа қол жеткізіп отыр. Бүгінгі күнге дейін олар екі мәрте (2011, 2015) финалға шықты. Дегенмен қарсыластарына есе жіберіп, күміс жүлдені қанағат тұтты. Ал «Қайрат» 2013, 2015 жылдарда чемпион атанған болатын.

Бүгін үшінші орын үшін сайыста «Барселонаның» жолы болды. Олар «Интер Мовистар» клубын 3:1 есебімін жеңді.

Автор Әділжан Үмбет
Басты сөздер: Спорт,
Жоғары қарай