Ауа райы
Астана -10 °С
Алматы -2 °С
валюта бағамы
USD 385.55
EUR 426.57
RUB 6.05
CNY 54.77

Футбол: «Тобылға» тәжірибелі қақпашы келді

2019 жылдың 26 маусым 2019 22:54

ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - «Тобыл» футбол клубы 35 жастағы қақпашы Жасұр Нәрзіқұловпен келісімшартқа отырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат клубтың ресми сайтына сілтеме жасап.

Жасұр Нәрзіқұлов қостанайлық клубта жыл соңына дейін ойнайды.Оның спорттық мансабы 2005 жылы шымкенттік "Ордабасы" сапында басталды. Кейін тәжірибелі қақпашы "Ақтөбе" үшін өнер көрсетті. 2008 жылы Жасұр Өзбекстанға көшіп кетіп, "Әндіжан", "Машал" және "Қызылқұм"командаларында ойнаған. 2011 жылы Қазақстанға оралып, "Қайсар" клубымен келісімшартқа отырды. Келесі жылы ол Ақтөбеге қоныс аударып, онда үш маусым өткізді. Соңғы жылдары «Тараз», «Атырау» және «Ордабасы» клубтарының намысын қорғады.

Нәрзіқұловтың қоржынында ҚР чемпионатының екі алтын медалі бар. Бірнеше мәрте Қазақстан чемпионатының үздік қақпашысы атанған.

Жоғары қарай