Ауа райы
Астана 4 °С
Алматы 7 °С
валюта бағамы
USD 389.86
EUR 435.32
RUB 6.12
CNY 55.12

Футбол: «Тобылдың» жаңа құрамы белгілі болды

2019 жылдың 5 наурыз 2019 22:21

ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - Қостанай қаласындағы балалар шығармашылық үйінде «Тобыл» футбол командасының жанкүйерлермен кездесуі өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Кездесуде 2019 жылғы футбол маусымына жасақталған команда құрамы таныстырылды. Айта кетейік, биыл клубқа жаңадан бірнеше ойыншылар келді. Атап айтқанда, қақпашылар - Балаев пен Пасеченко, қорғаушылар - Клещенко мен Семченков, жартылай қорғаушылар - Бочаров, Валиуллин, Гордейчук және шабуылшы - Себай. Сонымен қатар клубты белгілі ресейлік маман Владимир Газзаев жаттықтырады.

«Тобылдың» жаңа құрамымен танысудан соң жанкүйерлер сауал қоюға көшті. Алдымен, селекциялық жұмыстар жөнінде сұрақ қойылды. Клуб басшылары алдағы уақытта командаға керек əр ойыншыны сақтауға уəде етті. Жиылған жұрт үздік ойыншылардың бірі Максим Фединді ұстап қалу жағын да айтып қалды. Бұл сұраққа команданың директоры Николай Панин жауап берді.

«Команданың шынайы жанкүйерлеріне алғыс айтамыз. Сіздердің əр ұсынысыңызды ескеріп, талқылайтын боламыз. Осындай жанкүйерлері барда Максим ешқайда кетпейді деген ойдамын», - деді клуб басшысы.

Бірнеше сұрақ команда капитаны Азат Нұрғалиевке қойылды. Мәселен, Наурызбай Әмірхамзин есімді жанкүйер: «Азат, 2010 жылғы құрамнан сіз ғана қалдыңыз. Биылғы жігіттер сол сіздердің ерлікті қайталай ала ма?» - деді.

«Биыл «алтыннан» үміт бар. Дарынды жастар келді. Расын айту қажет, ол кезде заман басқа еді. Қазір басқа уақыт. Сондықтан артық уәде бермеймін. Дегенмен, осы жылы жанкүйерлерімізді жеңістермен қуанту үшін барды саламыз», - деп түсіндірді капитан.

Кездесуде басқа да сұрақтар мен тілектер болды. Шара соңында жанкүйерлер сүйікті ойыншыларымен әңігмелесіп, естелік суретке түсуге мүмкіндік алды.

Сонымен «Тобылдың» 2019 жылғы футбол маусымына қатысатын толық құрамы мынадай:

Қақпашылар: Балаев, Бусурманов, Пасеченко.

Қорғаушылар: Әбілғазы, Дмитренко, Кассай, Клещенко, Мирошниченко, Сартаков, Семченков.

Жартылай қорғаушылар: Бочаров, Валиуллин, Гордейчук, Жарынбетов, Жулпа, Канкава, Квеквескири, Нұрғалиев, Федин.

Шабуылшылар: Тұрысбек, Себай.




null

Жоғары қарай