Ауа райы
Астана -7 °С
Алматы 0 °С
валюта бағамы
USD 375.87
EUR 406.24
RUB 5.84
CNY 53.45

Футбол: «Қайраттың» оқу-жаттығу жиыны кезіндегі қарсыластары белгілі болды

2019 жылдың 27 желтоқсан 2019 20:38

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Алматылық «Қайраттың» алдағы оқу-жаттығу жиыны кезіндегі қарсыластары белгілі болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қайрат» футбол клубының баспасөз қызметі мәлім еткеніндей, алматылықтар жаңа маусымға дайындық барысында барлығы үш оқу-жаттығу жиынын өткізбекші.

Бірінші жиын 3-17 қаңтар аралығында клубтың базасында болмақшы. Онда жаттығу мен бақылау ойындарын өткізу үшін барлық жағдай жасалған.

Екінші жиын Түркияның Белек қаласында 18-30 қаңтар аралығында өтеді. Осы кезеңде «Қайрат» төрт бірдей жолдастық кездесу өткізеді. Алматылықтар Польшаның чемпионатында алда келе жатқан «Легиямен» екі мәрте жасыл алаңға шығады. Алексей Шпилевскийдің шәкірттері сондай-ақ Киевтің «Динамосымен» және Болгарияның «Лудогорец» командаларымен кездеседі.

Белекте өтетін үшінші жиында «Қайрат» словениялық «Копер», мәскеулік «Динамо», украиналық «Днепр-1» және Ресей премьер-лигасының көшбасшысы «Зенит» (Санкт-Петербор) клубтарымен шеберлік байқасады. Бесінші қарсылас кейін анықталады.

Айта кетейік, бұдан бұрын клуб басшылығы командадан Қазақстан ұлттық құрамасының ойыншылары Бауыржан Исламхан мен Исламбек Қуаттың кететіні жөнінде мәлімдеген болатын. Сондай-ақ оның алдында Георгий Жуков, Мартон Эппель, Сергей Политевич, Магомед Парагульгов және Елдос Ахметов сынды белгілі футболшылар «Қайратпен» қош айтысқан еді. Бұлардың орнын кімдер басатыны әзірге белгісіз.

Автор Елжан Ералы
Басты сөздер: Спорт,
Жоғары қарай