Ауа райы
Астана -7 °С
Алматы 2 °С
валюта бағамы
USD 375.87
EUR 406.24
RUB 5.84
CNY 53.45

Футбол: Еуропа лигасы 1/16 финалының жеребесі тартылды

2019 жылдың 16 желтоқсан 2019 21:44

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бүгін Швейцарияның Ньон қаласында UEFA Еуропа лигасы 1/16 финалының жеребесі тартылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жарыстың саталмыш сатысына Чемпиондар лигасында өз тобында үшінші орын алған 8 команда жолдама алды. Сондай-ақ, Еуропа лигасы топтық кезеңінде бірінші және екінші орын алған 24 команда олардың санын толықтырды.

Естеріңізге сала кетелік, L тобында сынға түсті. Аталмыш топтан «Манчестер Юнайтед» (Англия) мен «АЗ Алкмар» (Голландия) жарыстың келесі сатысына жолдама алды. Енді «Манчестер Юнайтед» Бельгияның «Брюгге», АЗ Алкмар» Австрияның ЛАСК командасымен кездеседі.

Енді Еуропа лигасы 1/16 финалында «Вулверхэмптон» (Англия) мен «Эспаньол» (Испания), «Спортинг» (Португалия) пен «Истанбул Башакшехир» (Түркия), «Хетафе» (Испания) мен «Аякс» (Голландия), «Байер» (Германия) мен «Порту» (Португалия), «Копенгаген» (Дания) мен «Селтик» (Шотландия), АПОЭЛ (Кипр) мен «Базель» (Швейцария), «ЧФР Клуж» (Румыния) бен «Севилья» (Испания), «Олимпиакос» (Грекия) пен «Арсенал» (Англия) кездеседі.

Сондай-ақ, «Брюгге» (Бельгия) мен «Манчестер Юнайтед» (Англия), «Лудогорец» (Болгария) пен «Интер» (Италия), «Айнтрахт» (Германия) пен «Ред Булл Зальцбург» (Австрия), «Шахтёр Донецк» (Украина) мен «Бенфика» (Португалия), «Вольфсбург» (Германия) пен «Мальмё» (Швеция), «Рома» (Италия) мен «Гент» (Бельгия), «Рейнджерс» (Шотландия) пен «Брага» (Португалия) шеберлік байқасады.

Ойындар 2020 жылдың 20 және 27 ақпан күндері өткізіледі. Финал 27 мамырда Польшаның Гданьск қаласындағы «Энерга-Гданьск» стадионында болады.

Автор Әділжан Үмбет
Басты сөздер: Қоғам, Спорт,
Жоғары қарай