Ауа райы
Астана -3 °С
Алматы -1 °С
валюта бағамы
USD 384.97
EUR 427.12
RUB 6.04
CNY 54.75

Футбол: Бірінші кезеңде Қазақстан құрамасы Молдовамен тең түсті

2019 жылдың 21 ақпан 2019 21:06

АСТАНА. ҚазАқпарат - Дәл қазір Түркияда футболдан Қазақстан және Түркия құрамалары арасында жолдастық кездесудің бірінші кезеңі аяқталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұл - чех маманы Михал Билектің біздің құрама тізгінін ұстағалы бері алғашқы ойыны. Ол матч алдындағы баспасөз мәслихатында бүгінгі кездесуде негізінен тәжірибелі ойыншылармен бірге жастарға да сенім артатынын мәлімдеген еді.

Алғашқы кезеңде Қазақстан құрамасы сапында Дмитро Непогодов, Темірлан Ерланов, Сергей Малый, Сағадат Тұрсынбай, Дмитрий Мирошниченко, Дмитрий Шомко, Юрий Перцух, Азат Нұрғалиев (К), Максим Федин, Роман Муртазаев, Бауыржан Тұрысбек сынды жігіттерге үміт артты.

Екі құрама бірінші кезеңде көзге түсерлік ойындарымен ерекшелене қоймады. Екі қақпа маңында қауіпті сәттер орын алғанымен, оны голға айналдыруға келгенде екеуі де діттеген мақсатына жете алған жоқ.

Бұл ойын футболдан 2020 жылғы Еуропа біріншілігінің іріктеу кезеңі алдындағы ұлттық құраманың дайындығы болып табылады. Естеріңізге сала кетелік, біздің құрама I тобында Бельгия, Ресей, Шотландия, Кипр, Сан-Мариномен сынға түседі. Қазақстан футболшылары іріктеу кезеңіндегі алғашқы ойынында 21 наурызда Шотландия құрамасын қабылдайды. Одан кейін 24 наурызда Астанада Ресей құрамасымен шеберлік байқасады.

Автор Әділжан Үмбет
Басты сөздер: Түркия, Спорт,
Жоғары қарай