Ауа райы
Нұр-Сұлтан 26 °С
Алматы 26 °С
валюта бағамы
USD 378.83
EUR 430.99
RUB 6.04
CNY 55.05

Футбол: «Астана» Қызылордада «Қайсардан» сүрінді

2019 жылдың 7 сәуір 2019 21:20 1161

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бүгін футболдан Премьер-лига командалары арасындағы Қазақстан чемпионатының төртінші тур ойындары мәресіне жетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Естеріңізге сала кетелік, кеше еліміздің төрт қаласында ойындар өткізілді. Онда «Ертіс» «Таразды» 2:0, «Тобыл» «Ақтөбені» 2:1, «Ордабасы» «Жетісуды» 1:0, «Қайрат» «Оқжетпесті» 4:1 есебімен жеңген еді.

Бүгінгі алғашқы кездесу Қызылорда қаласында өтті. Жергілікті «Қайсар» елордалық «Астананы» қабылдады. Қызылордалық клуб 2015 жылдың 25 сәуірінен бері аталмыш қарсыласын жеңе алмай келеді. Содан бері тоғыз ойын өтті. «Қайсар» азулы қарсыласының осал тұсын таппақ дал. Алаң иелері бүгінгі кездесуде жеңіске жетуге жақын болды. Десе де, олар өз мақсатына жете алған жоқ. Ойын 0:0 есебімен тең аяқталды.

Бүгінгі өткен тағы бір кездесуде де есеп ашылған жоқ. Өз қаласындағы алаңның дайын болмауы себепті қарсыластарын елордадағы  «Астана-Арена» стадионында қабылдап жүрген «Атырау», бұл жолы Қарағандының «Шахтерімен» шеберлік байқасты. Екі команда бір-біріне гол соға алмады.

Бесінші тур ойындары 14 сәуір күнге жоспарланған. Онда «Шахтер» мен «Ертіс», «Тараз» бен «Қайсар», «Оқжетпес» пен «Тобыл», «Жетісу» мен «Қайрат», «Астана» мен «Ордабасы», «Ақтөбе» мен «Атырау» кездеседі.


Фото: «Астана» ФК

 

 

Автор: Әділжан Үмбет
Басты сөздер: Спорт,
Жоғары қарай