Ауа райы
Астана 13 °С
Алматы 22 °С
валюта бағамы
USD 352.54
EUR 415.15
RUB 5.31
CNY 51.53

Футбол: Астана-Динамо ойыны тікелей эфирден көрсетіледі

2018 жылдың 14 тамыз 2018 10:11 572

АСТАНА. ҚазАқпарат - «Qazsport» телеарнасы тамыздың 14-нен 15-не қараған түні, сағат 00:00-де Загребте өтетін «Астана» (Қазақстан) - «Динамо» (Загреб, Хорватия) командаларының екінші ойынын тікелей эфирде көрсететін болады. Бұл туралы ҚазАқпарат телеарнаның баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Айта кетейік, «Астана»- «Динамо» клубының бірінші  матчы  7 тамыз күні Астанада өткен болатын. Бірінші іріктеу кезеңінде 0:2 есебімен «Динамо» клубының ойыншылары жеңіске жетті.  Бұл ойында  Хорватия командасының құрамындағы  Марио Будимир және  Дани Ольмо өз өнерлерін ортаға салып, ойындарымен ерекшеленді.  

Ал, екінші кездесу Хорватияда 14 тамызда өтеді. Қазақстандық жанкүйерлер Загреб қаласында өтетін екінші матчта «Астананың» есе қайтарып, УЕФА Чемпиондар Лигасының  плей-офф раундына жолдама алатынына сенім білдіреді.        

«Динамо» - Хорватияның Загреб қаласында орналасқан ең танымал клубы, өз алаңындағы ойындарын 38 923  көрермен сыйғызатын  «Максимир» стадионында өткізеді.  Әр жылдары «Динамо Загреб» клубында әлем футболының жұлдыздары  Звонимир Бобан, Давор Шукер, Роберт Просинески, Лука Модрич, Марио  Манджукич  және басқалар  ойнаған.

«Динамо Загреб»  - «Астана» ойынында  жеңімпаз атанған құрама УЕФА Чемпиондар Лигасының  плей-офф раундында швейцарлық «Янг Бойз» клубына қарсы ойнайтын болады.

Фото: www.fcastana.kz

 

Басты сөздер: Спорт,
Жоғары қарай