Ауа райы
Астана 9 °С
Алматы 12 °С
валюта бағамы
USD 389.62
EUR 429.98
RUB 6.06
CNY 55.08

Франциядағы Бордо қаласының орталығында бірнеше ғимарат өртенді

2019 жылдың 26 мамыр 2019 10:57

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Францияның Бордо қаласының орталығында 25 мамырда өрт шығып, алапат жалын бірнеше ғимаратты шарпыды. Бұл туралы Franceinfo хабарлады.

Өртті сөндіруге 100 өрт сөндіруші тартылды. Қазір тілсіз жау ауыздықталды. Өрттен шыққан түтін салдарынан жақын маңдағы 50 ғимараттан адамдар эвакуацияланды.

Өрттің себебі әзірге белгісіз. Қала мэрінің орынбасары Анн-Мари Казале өрт шыққан ғимараттың бір бөлігі құлағанын айтты. Оқиға болған аумақты полиция қоршауға алды.



null

Құтқарушылар әзірге зардап шегушілер туралы ақпараттың жоқтығын мәлімдеді.

Бұдан бөлек, БАҚ куәгерлердің өрт басталғаннан кейін бір сағат өткен соң ғимараттардың бірінде жарылыс болғанын естігендерін хабарлады.

Басты сөздер: Оқиға, Әлем,
Жоғары қарай