Ауа райы
Нұр-Сұлтан 18 °С
Алматы 19 °С
валюта бағамы
USD 378.38
EUR 431.05
RUB 6.02
CNY 55.00

Францияда түрмеде тұтқындар кепілге алған күзетшілер босатылды

2019 жылдың 12 маусым 2019 07:36 861

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Францияда Конде-сюр-Сарт қаласындағы түрмеде тұтқындар кепілге алған екі адам босатылды, деп хабарлады сәрсенбі күні BFMTV телеарнасы.

Қамаудағылар екі күзетшіні кепілге алған. France Info радиостанциясының деректеріне қарағанда, қылмыскерлер қолдан жасалған пышақты пайдаланған.

 BFMTV телеарнасының атап өтуінше, қазіргі кезде  кепілге алынғандарды босатудың сәті түскен. Өзге түрмеге ауыстыруды талап еткен қылмыскерлер сонда қалды.

Бұдан бұрын да жүйкесі сыр берген тұтқынның біреуі бақылаушыларға шабуыл жасаған көрінеді. 

 

 

Басты сөздер: Әлем, Оқиға,
Жоғары қарай