Ауа райы
Астана -20 °С
Алматы -4 °С
валюта бағамы
USD 383.95
EUR 429.26
RUB 6.16
CNY 55.02

FlyArystan қызметіне 50 мың жолаушы жүгінген

2019 жылдың 3 мамыр 2019 11:10

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Азаматтық авиация комитеті FlyArystan әуе компаниясының алғашқы сапарларының нәтижелерін жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

FlyArystan ұшақтары әуеге көтерілген алғашқы күндердің өзінде 50 мыңға жуық билет сатылып, 2 мыңнан астам жолаушға қызмет көрсетілген. Комитеттің мәліметінше, билет алушылардың басым бөлігі ең төменгі багажсыз тарифімен алған.

«Мамыр айындағы барлық бағыттар бойынша орындалатын рейстердің жолаушылар толымдығы 90 пайыздан асты. Әзірге әуе компаниясы Алматыдан Нұр-Сұлтан, Тараз, Қарағанды, Орал қалаларына рейстер жасауда. Алдағы уақытта Алматы-Павлодар, Алматы-Шымкент» бағытында да жаңа рейстер ашу жоспарланған» - делінген комитет таратқан ақпаратта.

Бұған дейін хабарланғандай, Үкімет басшысының орынбасары Жеңіс Қасымбек «FlyArystan» билеттері бағасының айырмашылығын түсіндірген болатын.

Еске салсақ, өткен жылдың 2 қарашасында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Инвестициялар және даму министрлігіне бюджеттік әуе компаниясын құруды тапсырған болатын.

Жоғары қарай