Ауа райы
Астана 11 °С
Алматы 15 °С
валюта бағамы
USD 389.98
EUR 434.01
RUB 6.10
CNY 55.04

FlyArystan әуе компаниясының алғашқы ұшағы Алматыға қонды

2019 жылдың 21 сәуір 2019 16:11

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - FlyArystan әуе компаниясының алғашқы ұшағы Алматы әуежайына қонды. Бұл туралы ҚР ИИДМ Азаматтық авиация комитеті мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«FlyArystan әуе компаниясының алғашқы ұшағы Алматы әуежайына ұшып келді. Он күннен кейін лоукостер тұрақты рейстерді орындауды бастайды», - деп нақтыланған таратылған мәліметте.

Бұдан бұрын хабарланғандай, отандық лоукостер «Fly Arystan» компаниясын іске қосу билет бағасын төмендету есебінен тұрғындардың әуе көлігіне қолжетімдігін қамтамасыз етуге негізделген.

Биылғы 1 мамырда «Алматы-Нұр-Сұлтан» бағдары бойынша алғашқы әуе сапарын жүзеге асыру жоспарланған. Жалпы, бастапқы кезеңде 6 бағытты іске қосу ескерілген. Бұл ретте «Алматы-Қарағанды», «Алматы-Тараз», «Алматы-Орал», «Алматы-Павлодар» және «Алматы-Шымкент» рейстері қамтылады. Әуе билеттерін сату шаралары биылғы 29 наурызда басталып кетті. Осы бағыттардағы тарифтер 3 999 теңгеден басталып, 12 999 теңгеге дейін жетеді. 2023 жылға қарай әуе бағдары желісін 54-ке дейін жеткізу қарастырылып отыр.

Жоғары қарай