Ауа райы
Нұр-Сұлтан 19 °С
Алматы 21 °С
валюта бағамы
USD 378.38
EUR 431.05
RUB 6.02
CNY 55.00

FlyArystan әуе компаниясы бір секундта бір билеттен сатып жатыр

2019 жылдың 2 сәуір 2019 20:08 1074

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Елордада ҚР ИИДМ Азаматтық авиация комитетінің төрағасы Талғат Ластаев FlyArystan әуе компаниясының басшысы Тим Джорданмен кездесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат. 

Компания басшысы Нұр-Сұлтан - Алматы бағытындағы әуе билеттерінің 6 999 теңгеден сатылып жатқанын хабарлады. «Алматы - Нұр-Сұлтан» бағыты бойынша әуе рейстері күніне екі рет ұшырылады. Сатылым басталған соң, екі сағатта 2 мыңнан астам билет сатылып кетті. 1 секундта 1 билеттен сатылып жатыр. Сатылған әуе билеттерінің 70% жүксіз тарифпен алынған. Сондай-ақ, 90% билет онлайн түрде сатылған», - делінген ҚР ИИДМ Азаматтық авиация комитетінің хабарламасында. 


Комитеттің хабарлауынша, ертең FlyArystan әуе компаниясы Алматы - Қарағанды бағыты бойынша билеттер сатылымын бастайды. 

Жоғары қарай