Ауа райы
Астана 7 °С
Алматы 15 °С
валюта бағамы
USD 389.59
EUR 429.06
RUB 6.05
CNY 55.07

«Fly Dubai» компаниясы Дубай-Шымкент әуе рейсінің неліктен тоқтап қалғанын түсіндірді

2019 жылдың 3 сәуір 2019 19:26

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - «Fly Dubai» әуе компаниясы Дубай-Шымкент-Дубай рейсінің неліктен орындалмағанын түсіндірді. Бұл жайында ҚР ИИДМ Азаматтық авиация комитеті Фейсбуктегі парақшасында жазды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Fly Dubai» әуе компаниясының ақпаратына сәйкес, 2019 жылғы 2 сәуірде әуе компаниясының Дубай-Шымкент-Дубай бағытындағы FZ 738/739 рейсі Шымкент қаласының халықаралық әуежайынан 2019 жылғы жазғы навигацияға арналған слотты нақтылаудың болмауы себебінен орындалмаған», - делінген таратылған ақпаратта.

Ведомство мәліметінше, аталған рейстің барлық жолаушылары қонақ үйге орналастырып, ыстық тамақпен қамтамасыз етілген.

«Дубайдан ұшып кететін барлық жолаушылар Шымкентке рейсті Нұр-Сұлтан, Алматы, Бішкек және Ташкент арқылы қайта броньдады. Шымкенттен ұшып келмеген жолаушыларға қонақ үй және басқа қалалар арқылы ұшу мүмкіншілігі ұсынылды. «Fly Dubai» әуе компаниясы келіп түскен сұраныстарға байланысты туристік оператордың БАӘ-де болуына қатысты қосымша шығындарын өтейді», - деп атап өтеді комитеттен.

Біз бұған дейін Дубай әуежайында 80 қазақстандықтың елге ұшатын рейстен түсірілгенін хабарлаған едік.

Жоғары қарай